ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің жанындағы жазғы сауат ашу курсының шәкірттері он күннің ішінде бірнеше жетістікке жетті. Атап айтқанда Алла Тағаланың 99 көркем есімін мағынасымен толық жаттып, дұғаларды үйренді. «Мұғалім Сани» кітабы бойынша әріптер үйреніп, Құрани Кәрімнен он қысқа сүрелер жаттады. Шәкірттерге дәрісті «Әнет баба» мешітінің ұстазы Махмұд Қасым және «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінде білім алып жатқан, тәжірибедегі ұстаз Акбота Кайраткызы жүргізуде. Бұл әзірге алғашқы он күндіктің көрсеткіші. Алдағы уақытта жас шәкірттер көптеген нәтижеге қол жеткізіп, ұстаздарын қуантады деген ниеттеміз.
ШӘКІРТТЕР ОН КҮНДЕ ОН СҮРЕ ЖАТТАДЫ
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы