Center Image
IHSAN.KZ
«СӘЛКЕН МОЛЛА» МЕШІТІНІҢ КҮМБЕЗІ ЖАҢАРТЫЛДЫ
«СӘЛКЕН МОЛЛА» МЕШІТІНІҢ КҮМБЕЗІ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Қасиетті мекен саналатын мешіт Алланың жердегі үйі. Адам баласын имандылық нәрімен сусындататын жалғыз тәрбие мекені де осы мешіт. Сондықтан, алдымен осы мешіттің ішкі жәні сыртқы көрінісі де көркем болуы шарт. Осы орайда ҚМДБ-ның Қарағанды облысы, Шахтинск қаласына қарасты  Шахан кенті «Салкен Молла» мешітінің күмбезі жаңартылды.  Тұрғындар арасында ислам дінін кеңінен насихаттап, қоғамдағы кейбір келеңсіз құбылыстардың алдын алуға, жат қылықтарға бой алдырмау үшін жастардың арасында ислам дінінің құндылықтарын насихаттау, ұрпақты имандылық пен адамгершілікке, адалдық пен тазалыққа тәрбиелейтін мешіт ғимаратының сыртқы келбеті ішкі мазмұнына сай келуі тиіс. Игі шараға жергілікті мешіт имамы мен жамағаты ат салысты.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz