Center Image
IHSAN.KZ
БАЛКЕН АНА МЕШІТІНДЕ ЖАЗҒЫ ДӘРІС ӨТУДЕ
БАЛКЕН АНА МЕШІТІНДЕ ЖАЗҒЫ ДӘРІС ӨТУДЕ

ҚМДБ Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ростовкаауылы, «Балкен ана» мешіті жанынан ашылған ИМАНИ ЖАЗ – жазғы лагеріне Республикамыздың  әр жерінен, сегіз жастан – он бес жасқа дейінгі мектеп жасындағы балалар қабылданып, дәріс алуда. Жылдағы үрдіске сай балалар мұнда бір ай бойына Құран, мұғалім сәни, намаз оқып үйрену, пайғамбар өмір баяны және әдепке қатысты дәрістерден сауат ашу үстінде.

Биылғы карантин жағдайына сай қабылданған балалар саны он бестен екі топқа бөлінді. Жалғастырушы топ және бастауыш топ. Лагерде күнделікті дәрістен бөлек ойын уақыттары бар. Балалар тек қана ойынмен шектелмей, мешіттің тазалық жұмыстарына да ат салысады. Бір ай уақыт аралығында балалар уақытын тиімді әрі пайдалы өткізеді.

 

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz