Center Image
IHSAN.KZ
СӘРЕПТІ АУЫЛЫНЫҢ ИМАМЫ НАУҚАС ЖАНДАРДЫ ЗИЯРАТ ЕТТІ
СӘРЕПТІ АУЫЛЫНЫҢ ИМАМЫ НАУҚАС ЖАНДАРДЫ ЗИЯРАТ ЕТТІ

Ислам діні бойынша науқасты зиярат ету (яғни көңілін сұрау) – сүннет. Адамгершілік қағидасына сүйенсек те, бұл ұлты мен ұлысына қарамай мәдениеттілікке жатады. Халық даналығында «Аурудың емі – саудың сәлемі» деп текке айтылмаса керек. Себебі, көңілі жан жарым боп жатқан науқасты зиярат ету – рухани демеу. Адам қиналғанында мейлі жас, мейлі қарт болсын жанына демеу, көңіліне медеу болар бір жылы сөз күтіп, айналасынан жылы қабақ күтетіні белгілі.

Қарағанды облысына қарасты Абай ауданы, Сарепті ауылының имамы Дәуренбек Арғын  ауыл ауруханасына  арнайы ат басын бұрып, науқас жандарды зиярат етті. Ауылдық емханада ем алып жатқан науқастарымен бірге болып, науқас жандар үшін Алладан дұға тілеп, мекеме қабырғасында Құран оқыды. Шара соңында Дәуренбек имамға емхана ұжымы мен онда ем алушы жандар ризашылықтарын білдірді.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz