Center Image
IHSAN.KZ
АБАЙ АУДАНЫНДА ЖАЗҒЫ САУАТ АШУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ
АБАЙ АУДАНЫНДА ЖАЗҒЫ САУАТ АШУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ

Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық мешітінің ұйымдастыруымен жазғы сауат ашу курсы жұмысын бастады. Әдеп пен ахлақ, имандылық пен құлшылық үйрену үшін келген бүлдіршіндер ендігі уақытта осы қасиетті Алла үйінде сауат ашатын болады. Жас бүлдіршіндердің ең кішісі 6 жаста. Білім шындауға келген шәкірттерге Абай ауданының имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы уағыз айтып, тәртіп мәселесіне қатысты тәрбиелік дәріс өткізді. Сонымен қатар, мешіт ақсақалы Балтабаев Нұржігіт ақсақал бата берді.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz