Егіннің бітік шығуы үшін атам заманнан Алла разылығы үшін құрбандыққа мал шалынып келеді. Халықтың жұт пен қуаңшылықтан сақтану мақсатында жүзене асыратын садақа түрі нəзір садақасы саналады. Ел аузында бұл үрдіс “тасаттық” деп айтылады. Не зекет, не садақа бермейтін адамдар шығынға ұшырап жатады. Төккен тері текке кетпей, еккенін молынан оруды көксейтін диқандар, жылда тасаттық өткізуден жаңылмайды. Осындай ниетпен Қарағанды облысы, Бұқар Жырау ауданына қарасты Теректі ауылының дін қызметкерлері, тұрғындары мен ақсақалдары тасаттық берді. Тасаттықты Жезқазған қаласының «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінің найб имамы Омаров Жандос жүргізіп, қасиетті Құран оқылып, жаңбыр дұғасы жасалып, намаз оқылды. Құрбандық шалынып, ас берілді. Аталмыш тасаттық шарасында тасаттықтың маңыздылығы мен сауабы жөнінде уағыз айтты. Мұсылман бауырларымыздың тілектері қабыл болып, биыл егілген тұқым бітік шығып, қамбамыз мол астыққа толсын! Диқандардың еңбегі жанып, ырыс-берекесі арта берсін!
ТЕРЕКТІ АУЫЛЫНДА ТАСАТТЫҚ БЕРІЛДІ
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы