Center Image
IHSAN.KZ
БАЛА ҚАЖЫ МЕШІТІНДЕ ЖАЗҒЫ САУАТ АШУ КУРСЫ АЯҚТАЛДЫ
БАЛА ҚАЖЫ МЕШІТІНДЕ ЖАЗҒЫ САУАТ АШУ КУРСЫ АЯҚТАЛДЫ

ҚМДБ Қарағанды қалалық «Балақажы» мешітінде өткен жасөспірімдер арасындағы жазғы діни сауат ашу курсы өз жұмысын аяқтады. Курсты тәмамдаған бүлдіршіндерге мешіт имамы Нуров Махмұд Нұрұлы арнайы алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтарды  табыстап, талапты бүлдіршіндерге жылы лебізін білдірді. Жылдағы дәстүр бойынша ұйымдастырылған жазғы оқу лагерінде мектеп жасындағы балаларға "Ислам  әдебі", "иман негіздері", Құран әліппесі секілді пәндер жүргізіліп, исламның алғышарттарын үйретті.  Берекелі шарада балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын аниматорлар да  ойын - сауық ұйымдастырды. Ата аналар разылықтарын білдіріп, мешіт ұжымына алғыстарын білдірді.

 

 

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz