Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Арбаға таңылған мүгедек әке қолсөмке тігіп үш баласын асырап отыр (фото)
28 қараша, 2016 жыл 204 Басып шығару нұсқасы

Қырғызстандық Рахатбек Үсөнқожаев балаларын жалғыз асырап отырған бірінші топтағы мүгедек. Екі аяғы сыр беріп, арбаға таңылған қиын кезеңде жанындағы демеу берер  жалғыз жұбайы тастап кеткен. Осы қиын халіне қарамастан, қолсөмке тігіп үш баласын ешкімнен кем етпей жетілдіріп отыр.

«Мал шаруашылығымен айналысамын деп құлап, аяғымды қатты зақымдап алдым. Ұзақ уақыт бойы төсек тартып жаттым. Бұл жағдай әсіресе анама ауыр тиді. Ал жұбайым менің осы хәлімді елеместен екі жылдан соң үйден кетіп қалды. Балаларымды өзіме алып қалдым»,-дейді Рахатбек өз сөзінде.

Басына түскен ауыр жағдайға сағын сындармаған жалғыз басты әке балаларын аяққа тұрғызу үшін шағын кәсіппен айналыса бастайды. Алдымен анасына сөмке тігіп, кейін кәсіптің осы  түріне икемі барын түсінген. 

«Алғашқыда қызығушылықпен өзімді сынап, сөмкенің түр-түрін тіктім. Кейін оны кімге және қалай сатамын деп ойланып жүрген кезімде, қаламызда қолөнер фестивалі өтті. Қол туындыларымды сол жерге көрмеге қойғанымда қызығып, тапсырыс бергендер көп болды»,-деп  кәсібін қалай бастағанын есіне алады.

Қазір сөмкелердің бағасы теңгемен санағанда 3 000  теңгеден 74 000 теңгеге дейін барады. Ұлттық ою-өрнекпен нақышталған сөмкелерге тапсырыс беріп, сатып алушылар да баршылық.

Кәсіптен келіп жатқан кіріс көзі жақсы болғанымен, Рахатбек Үсөнқожаевті өзінің денсаулығы қатты ойландырады. Себебі, дәрігерлердің айтуынша оның арбадан тұрып кетуіне ешқандай мүмкіндік қалмаған. Ал, жалғыз басты әке «бастысы екі қызым мен жалғыз мұрагерімді аяққа тұрғызып, ешкімнен кем етпей өсірсем болды»,- деп отыр.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары