Center Image
IHSAN.KZ
«Ғыйзат қажы» мешітінде сәбиге азан шақырып, есім қою рәсімі өтті
«Ғыйзат қажы» мешітінде сәбиге азан шақырып, есім қою рәсімі өтті

Бұқар жырау ауданына қарасты Байқадам ауылдық «Ғыйзат қажы» мешітінде «Дін мен дәстүр» бағыты аясында сәбиге азан шақырып, есім қою рәсімі өтті.

Игі шара барысында мешіт имамы Орынбай Ерлан жаңа туған сәбидің оң құлағына азан, сол құлағына қамат айтып, мұсылманшылық дәстүрге сай есімін қойды.

Имам азан шақырып ат қоюдың мұсылман өміріндегі маңызды сүннет амалдарының бірі екенін айтып, балаға көркем мағыналы есім таңдаудың мәніне тоқталды. Сонымен қатар жас ата-анаға перзентті имандылыққа, ізгілікке және ұлттық құндылықтарға тәрбиелеудің маңыздылығы жөнінде насихат айтты.

Шара соңында сәбидің аман-есен өсіп, еліне қызмет ететін саналы ұрпақ болуын тілеп, отбасы мүшелеріне ақ батасын берді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz