Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды қалалық «Әл Ғаффар» мешітінде жат ағымдардың алдын алуға бағытталған уағыз-насихат өткізілді
Қарағанды қалалық «Әл Ғаффар» мешітінде жат ағымдардың алдын алуға бағытталған уағыз-насихат өткізілді

Қарағанды қалалық «Әл Ғаффар» мешітінде жамағатқа жат ағымдардың зияны мен оның қоғамға тигізетін кері әсері туралы насихат жүргізілді.

Уағыз барысында дәстүрлі ислам құндылықтарын ұстанудың маңызы, ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан діни жолды сақтау, сондай-ақ діни мәселелерде сенімді дереккөздерге және білікті ғалымдардың іліміне жүгінудің қажеттілігі түсіндірілді. Сонымен қатар, жат ағымдардың белгілері мен олардың қоғамдағы бірлік пен тұрақтылыққа тигізетін кері ықпалы жайында кеңінен айтылды.

Жиын барысында жамағатқа діни білімді ресми діни мекемелерден алу, күмәнді ақпараттар мен түрлі теріс идеологиялардан сақ болу керектігі ескертілді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz