Бұқар жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітіне жаңадан имам болып тағайындалған Ерлан Мамайұлы ауданға қарасты Қарқұдық ауылдық мешітінің жамағатымен кездесті.
Кездесу барысында имам ауыл тұрғындарымен және мешіт жамағатымен сұхбаттасып, аймақтың діни ахуалымен танысты. Сондай-ақ жамағаттың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, алдағы уақытта атқарылатын діни-ағарту және рухани бағыттағы жұмыстар төңірегінде ой бөлісті.
Ерлан Мамайұлы өз сөзінде халықпен етене жақын қарым-қатынас орнатудың, бірлік пен ынтымақты нығайтудың маңыздылығына тоқталып, мешіттің қоғамдағы рухани тәрбие ордасы ретіндегі рөлін атап өтті.
Кездесу барысында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ел бірлігі, жастар тәрбиесі, дәстүрлі дін құндылықтарын насихаттау мәселелері сөз болды.
Шара соңында ауыл ақсақалдары мен жамағат өкілдері жаңадан тағайындалған имамға сәттілік тілеп, алдағы қызметіне ақ баталарын берді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы