Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінде жазғы діни сауат ашу дәрістері өз жұмысын бастады.
Бүгінгі алғашқы сабақ барысында шәкірттер ұстаздардан «Имандылық әліппесі» пәні бойынша дәріс алып, рухани тәрбие мен көркем мінездің маңызы туралы мағлұмат алды. Сабақтан кейін балалар табиғат аясында серуендеп, көңілді демалды.
Сонымен қатар, шәкірттерге арнайы дастархан жайылып, дәмді тағамдар ұсынылды.
Жазғы курс жас буынның діни сауатын арттыруға, ұлттық және рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталған.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы