Абай ауданына қарасты Топар кентінде Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысына қатысып, ел мен жер үшін шейіт болған ата-бабалар рухына Құран бағышталды.
Игі шара барысында Топан кентінің имамы Мурсали Қаленұлы Құран оқып, майданда ерлікпен қаза тапқан боздақтардың рухына дұға жасады. Жиынға жиналған жамағат бейбіт өмір мен ел тыныштығы жолында жанын қиған ерлерді еске алып, тағзым етті.
Шараның мақсаты – тарихи ерлікті ұмытпау, Отан үшін құрбан болған жандардың рухына құрмет көрсету және жастарға отансүйгіштік рухты насихаттау болды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы