Қарағанды қаласында «Қазақстан халқының бірлігі» күніне орай ұйымдастырылған игі шара өтті. Аталған шараға Қарағанды қалалық «Төле би» мешітінің имамы Жұмағулов Рашид Орысбайұлы қатысып, көпшілікпен бірге тал көшеттерін отырғызды.
Мереке аясында діни бірлестік өкілдері бірлесе отырып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастамаға үлес қосты. Бұл игі іс табиғатты аялау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және ел ішіндегі татулық пен бірлікті нығайтуды көздейді.
Шара барысында қатысушылар табиғатты қорғаудың маңыздылығын атап өтіп, осындай сауапты істердің қоғам үшін мәні зор екенін жеткізді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы