Center Image
IHSAN.KZ
Ұлттық ұлан сарбаздарымен кездесу өтті
Ұлттық ұлан сарбаздарымен кездесу өтті

Абай ауданына қарасты Қарабас кенті мешітінің имамы Шарифулла Шадиев Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының 6505 әскери бөлімінің сарбаздарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында имам жастар арасында өзекті мәселеге айналып отырған суицид тақырыбында уағыз-насихат жүргізіп, өмірдің құндылығы, сабырлық, қиындыққа төзімділік және дін тұрғысынан адам өміріне қол сұғудың ауыр күнә екені туралы кеңінен түсіндірді.

Сондай-ақ сарбаздарға өмірлік қиындықтар кезінде дұрыс шешім қабылдау, рухани беріктік таныту және үлкендермен, дін мамандарымен кеңесу қажеттілігі атап өтілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – әскери қызметшілердің рухани иммунитетін күшейту, теріс ойлардың алдын алу және адамгершілік құндылықтарды насихаттау болып табылады.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz