Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Әбілхайыр Кәсенұлының ұйымдастыруымен «Таза мешіт» атты сенбілік іс-шарасы өтті. Игі бастаманың басты мақсаты – Алланың үйін таза ұстау, қоршаған ортаны күтіп-баптау және жамағат арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру.
Іс-шара барысында мешіт ауласына тазалық жұмыстары жүргізіліп, айнала қоқыстан тазартылды, жасыл аймақтар ретке келтірілді. Сенбілікке мешіт қызметкерлері мен жамағаты белсенді түрде қатысып, бір кісідей жұмыла еңбек етті.
Мұндай шаралар жамағаттың ауызбіршілігін арттырып қана қоймай, тазалықтың – иманның бір бөлігі екендігін іс жүзінде көрсетеді. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да осындай игі іс-шараларды тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы