Center Image
IHSAN.KZ
«Нұр» мешітінде «Көршіңе қуаныш сыйла» қайырымдылық акциясы өтті.
«Нұр» мешітінде «Көршіңе қуаныш сыйла» қайырымдылық акциясы өтті.
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Әбілхайыр Кәсенұлының ұйымдастыруымен «Көршіңе қуаныш сыйла» атты қайырымдылық акциясы өтті. Игі шараның басты мақсаты – Рамазан айында көршіге көңіл бөлу дәстүрін жаңғырту .

Аталған акция аясында 8 отбасы қамтылып, мешіттің әр түрлі қызметінде жүрген әйел-қыздар жамағатына арнайы дайындалған сыйлық себеттері табысталды. Себеттерге тәтті-дәмділер салынып, жамағатқа қуаныш сыйлады.

Мешіт ұжымы мұндай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті. Рамазан айында жасалған әрбір ізгі амал қоғамда бірлік пен бауырмалдықты нығайтуға үлес қосатыны сөзсіз.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz