Осакаровка ауданындағы «Тоқа Байғозы» мешітінде әйел-қыздар жамағатына арналған рухани кеш ұйымдастырылды.
Шараға аудан имамы Құдайберген Серікұлы арнайы қатысып, Құран аяттарын оқып, қасиетті Рамазан айының қадір-қасиеті жайлы тағылымды насихат айтты.
Кеш барысында ұстаз Ақбота Қайратқызы жамағат арасында Рамазан айына қатысты викториналық сұрақтар қойып, түрлі ойындар ұйымдастырды. Белсенді қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.
Рухани кеш жамағаттың бірлігін арттырып, қасиетті айдың мән-маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы