Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Қаз-қаз балам, қаз балам» «ҚАЗЫБЕ БИ» МЕШІТІНДЕ ТҰСАУ КЕСУ РӘСІМІ ӨТТІ
12 сәуір, 2021 жыл 1017 Басып шығару нұсқасы

Қазақ халқы ежелден бала тәрбиесіне өте ерекше мән берген. Оның айқын дәлелі – сәби шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап есейгенге дейін орындалатын салт-жоралғылар. Соның бірі – тұсаукесер.
Қазақ халқы тұсауды кез келген адамға кескізбеген. Әдетте жүріс-тұрысы ширақ, пысық, бір әулеттің түтінін түтетіп отырған келіншекке немесе өз ортасында сыйлы, абыройлы, қолға алған шаруасын тындырып жүретін еңбекқор азаматқа кескізеді. Осындай игі шара   Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде өтті. Алғашқы қадамына талпынып, қаз-қаз басқан баласының тұсауын мешіт қабырғасында қиюға ниет еткен сәбидің ата-анасы дәстүрлі жоралғыны аталмыш мешіттің имамы Абдрахманов Ысқақ Рахимбекұлына қидыртты.  Дін мен дәстүр аясында өткен шара барысында Құран оқылып, бата берілді.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары