Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ауласы қалың қардан тазартылды (фото)
19 наурыз, 2021 жыл 500 Басып шығару нұсқасы

Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар, «Дін-бұл тазалық» – деп бұйырады. Сыртқы тазалық адамзат баласын өркениеттілікке жетелейді. Ішкі тазалық – исламның барлық міндеттерін орындауда жүрек арқылы ұғынған (тасдик) және іс-әрекет арқылы сенімнің бір бөлігін көрсететін рухани – өнегелік тазалық.  Алла тағала ислам діні арқылы адамға берілген денсаулық кепілі секілді, тазалыққа да үлкен мән береді және қоршаған ортадағы тазалықты қолдауға  шақырады.                                    Бүгін, қасиетті жұма күні Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ауласында тазалық жұмыстары жүргізілді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»,-деген ұстаныммен мешіт ауласын қалың қардан тазартуға барша жамағат болып ат салысты. Игі шара ҚМДБ-ның Қарағанды облысы  бойынша «Жастар ісі» секторының жауапты өкілі Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлының ұйымдастыруымен іске асты. Сауапты іске шаһарымыздың қалың жамағаты, «Раян» етіктілер тобы бір жұдырықтай жұмылды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары