Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Бала-қажы» мешітінде «Ихсан ілімі» аясында жиын өтті
12 наурыз, 2021 жыл 458 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен алға қойылған «Ихсан ілімі» бағыты бойынша Қарағанды қалалық «Бала-қажы» мешітінде арнайы жиын ұйымдастырылды. Дін қызметкерлері бас қосқан келелі кездесу барысында діни басқарма тарапынан арнайы алға қойылып, бір ізділікке қойылып жатқан дін қызметкерлерінің әдебі, этикасы мен қызмет ету барысындағы киім үлгісі талқыға салынды. Жиын Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің наиб имамдары Хумар Қоныскерей және Асылхан Нұртайұлы , «Бала-қажы» мешітінің имамы Нұров Махмуд Нұрұлының қатысуымен өтті. Шара барысында облысымыздың барлық мешіттерінде қарқынды түрде жүзеге асып жатқан «Ихсан ілімі” бойынша бірнеше жобалар мен жоспарларды жүзеге асыру алға қойылды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі 

 

Ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары