Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Жат діни ағымдармен жұмысқа байланысты жиын өтті
10 наурыз, 2021 жыл 270 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ тарапынан бекітілген жеті жұмыс бағытының ішінде жат діни ағым өкілдерімен жұмыс ерекше маңызға ие. Осы орайда Теміртау орталық мешітінде алқалы жиын өтті.
 
​Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлының төрағалығымен өткен жиналысқа жергілікті мешіттердің имамдары, ұстаздары, азаншылары және өзге де қызметкерлері қатысты.
 
​Алғы сөзді алған Естай Айтуғанұлы дін қызметкерлеріне дәстүрлі емес діни ағым өкілдерімен жұмыс жүргізудің өзекті мәселе екендігін айта келе:
 
​«Біріншіден, мешіттерімізге келетін жат діни ағым өкілдерімен сұхбат арқылы дәстүрлі ханафи мәзһабының құндылықтарын жеткізуге тырысуымыз керек. Сондай-ақ, жамағат арасындағы ынтымақтастықты арттыру мен өзара салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау мақсатында түрлі спорттық іс-шараларды ұйымдастыруымыз қажет. Екіншіден, түзету мекемелеріндегі жеке және топтық түсіндірме жұмыстарына ерекше көңіл бөлінуі тиіс», деп айтты.
 
​Бұдан бөлек, Естай Айтуғанұлы осы бағытта алдағы уақытта атқарылуы тиісті жұмыстарға байланысты бірқатар тапсырмалар берді.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары