Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«ЖАНҚҰТТЫ БИ» МЕШІТІНДЕ 30 ШӘКІРТ ҚҰРАНҒА ТҮСТІ
10 наурыз, 2021 жыл 143 Басып шығару нұсқасы

Білім – ақ пен қараны ажырататын, адам баласының көзін ашатын Алла Тағаланың адам баласына берген үлкен сыйы. Білім – ақыл мен парасаттың белгісі. Расында ислам дінінің адамзат баласына қоятын ең басты талабы білім алу және іздену. Қарағанды облысына қарасты Шет ауданы «Жанқұтты би» мешітінің ұстазы Маханбетчин Қарубай Берікұлы мешіт жамағатына «ақида», «фиқх», «Құран», «тажуид» және «Пайғамбар (С.Ғ.С)  өнегелі өмір» туралы күнделікті дәрістерді тұрақты түрде жүргізу үстінде.

Аллаһ тағала:"Құран оқылғанда оған құлақ салыңдар әрі тыныштық сақтаңдар. Рақымдылыққа бөленесіңдер"[1], – десе, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.):«Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп оны үйреткендерің»[2], – деп өсиет қалдырған. Қазіргі уақытта 30 шәкірт құранға түскен. Алдағы уақытта ілім ізденген шәкірттерге дәрістерді тұрақты, үзбей жалғастырып, білім ізденушілердің санын арттыру жоспарда.

ҚМДБ-ның қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

НАЗИРА БАЙНАЗАРОВА

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары