Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Шашубай кентінде жаңа мешіт ашылды
06 наурыз, 2021 жыл 657 Басып шығару нұсқасы

Шашубай кентінде жаңа мешіт ашылды 
Шашубай кентіндегі мешіттің  құрылысы 2009 жылы Оразбаев Нұрлан Тілеуғалиұлының шынайы ыхыласымен бастау алған еді. Нұрлан Тілеуғалиұлы мешіттің ірге тасынан бастап, қабырғасына дейін көтергенімен белгілі себептермен бірқанша уақытқа  мешіт құрылысы тоқтап қалған еді.  Осыдан кейін бұл істі  2019 жылы осы ауылдың тұрғылықты азаматы  Балқаш қалалық мешітінің наиб имамы Түсіпбеков Асылхан Рахымжанұлының  ұйымдастыруымен  қолға алынып, 2020 жылдың соңына қарата мешіт  құрылысы толығымен аяқталды.Алайда, мұндай істің бір адамның қолынан келмесі анық. Осындай сауапты іске себепші болайық деген ниетпен Асылхан  бауырымыздың мұрындық болуымен ел азаматтары, мешіт жамағаттары көптеп  көмегін тигізді. Сауапты істің басынан аяғына дейін жүріп, демеушілік еткен осындай бауырларымызға  Алла разы болсын дейміз. 
Міне, ел болып көптен күткен мешітіміздің  ашылу салтанаты 2021 жылдың наурыз айының басында ресми түрде ашылып, пайдалануға беріліді.  Мешіттің ашылу салтанаты қасиетті жұма күні ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Казкенұлының арнайы қатысуымен жүзеге асты. Облыс бас имамы жаңа мешіттің имамы Асылхан Түсіпбековты ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы бұйрығымен қызметке тағайындап, жамағатқа таныстырды. Алдағы қызметіне сәттілік пен береке тілеп, батасын берді. 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары