Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Теміртауда «Жат ағымдармен күрес» атты жиын өтті
05 наурыз, 2021 жыл 389 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Діни басқарманың кеңейтілген Төралқа мәжілісінде 2021 жылы атқарылатын жұмыстардың жеті бағытын бекіткен болатын. Солардың бірі – жат діни ағымдар өкілдерімен жұмыс болып табылады.
 
Осы орайда ҚМДБ-ның Қарағанды өкілдігіне қарасты бірқатар дін қызметкерлері Теміртау қаласында «Жат ағымдармен күрес» тақырыбында өткен алқалы жиынға қатысты.
 
Аталмыш іс-шараға Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамдары Құмар Қоныскерей, Асылхан Нұртайұлы, Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің наиб имамы Бауыржан Мейірбекұлы, «Теміртау қаласы Ішкі саясат бөлімі» ММ-нің дін мәселесі бойынша бас маманы Аян Картаев, Теміртау қаласы конфессияаралық қатынастардың мәселелерін зерттеу және сараптау орталығының басшысы Нұрлыбек Утебаев сынды бірқатар азаматтар қатысты.
 
Кездесу барысында дәстүрлі емес діни ағымдардан зардап шеккен азаматтармен жұмыс аясында атқарылған жұмыстар, әдіс-тәсілдер мен оң тәжірбиелер туралы баяндамалар жасалып, сүбелі сұхбат жүргізілді. Сондай-ақ, алдағы уақытта бірлесіп атқарылатын жұмыс бағыттары ортаға салынды.

Ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары