Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Теміртау: Ғұламалар кеңесі қабылдаған пәтуалар түсіндірілді
05 наурыз, 2021 жыл 317 Басып шығару нұсқасы

​Үстіміздегі жылдың 23-25 ақпан күндері ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Ғұламалар кеңесінің кезекті ХХІХ мәжілісінде бірнеше пәтуалар қабылданған болатын. Осыған орай аталған пәтуаларды таныстыру мақсатында Теміртау орталық мешітінде алқалы жиын өтті.
 
​Қалалық деңгейде өткен іс-шараға Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамдары Құмар Қоныскерей, Асылхан Нұртайұлы, Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің наиб имамы Бауыржан Мейірбекұлы, сондай-ақ Теміртау қаласына қарасты мешіт имамдары мен қызметкерлері қатысты.
 
​Алғы сөзді Теміртау орталық мешітінің бас имамы Естай Айтуғанұлы алып, Ғұламалар кеңесінің мәжілісінде қабылданған пәтуалардың өзектілігіне тоқталды.
 
​Облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамдары Құмар Қоныскерей және Асылхан Нұртайұлы болса ҚМДБ тарапынан шығарылған «Мешіт имамдарының қызметтік әдебі» кұжаты бойынша дін қызметкерлерінің әдебін түсіндіріп, “ Діни оңалту “ бағыты бойынша да толық түсініктеме берді.
 
Өз кезегінде сөз алған Бауыржан Мейірбекұлы «Екпе егу үкімі», «Төлем карталарын қолдану үкімі», «Сақтандыру қызметі үкімі», «Баланы қамқорлыққа алу үкімі» секілді пәтуалардың маңыздылығын тілге тиек етіп, осы діни құжаттар жайлы кеңінен баяндады. Бұдан бөлек «Спирт қосылған тағамдардың, тәттілердің үкімі», «Малды қолдан ұрықтандыру үкімі» сынды бірқатар мәселелер жайлы тұщымды баяндама жасады.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары