Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Шахтинск қалалық «Нұp» мешіті: Алып та, батыр да анадан туады
04 наурыз, 2021 жыл 594 Басып шығару нұсқасы

Ана өмірдің гүлі, тіршілік басы. Дүниеге шыр етіп келген сәттен бастап қанаттыға қатырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіретін аяулы аналардың өмірден алар орны ерекше, еңбегі ерен.

Бүгін ҚМДБ-ның  Қарағанды облысына қарасты Шахтинск қалалық "Нұр" мешітінің имамы Ибраев Әсет Наурызбайұлының  ұйымдастыруымен  алда келе жатқан халықаралық әйелдер мейрамы қарсаңында игі іс-шара болып өтті.  Шара барысында мешіттің ақ жаулықты әжелері мен аналарын айтулы мерекемен құттықтап, сыйлықтар үлестірілді.

Батыр да, алып та анадан туады. «Жұмақтың кілті анаңның табанының астында»,- деген сөздің мәнін ашу үшін анаңызды Меккеге үш рет апару аздық етеді. Бір тағдырды дүниеге әкеліп, бағып-қағып өсіру жауапкершіліктің үлкені. Анаға құрметсіздік жасау тек хайуанның қолынан келер. Ана бір қолымен әлемді бір қолымен бесікті тербетуші жер бетіндегі ең қасиетті адам. Оның алақаны тікеннің өзін жұмсартып, асаудың өзін жуасытар құдіретке ие. Жүрегінің кеңдігі сондай өз баласына ғана емес әлемнің баласына орын бар. Өйткені ана мен бала бір-бірі үшін жаралған қос сөздегі бір ұғым. Ендеше аналарымызды құрметтейік, қастерлейік, қадірлейік.

ҚМДБ-ның қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары