Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ҚАРАБАС КЕНТІНДЕ ДІНИ ОҢАЛТУ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚАТЫСТЫ ЖИЫН ӨТТІ (ФОТО)
17 ақпан, 2021 жыл 409 Басып шығару нұсқасы

Абай ауданына қарасты Қарабас кенті кітапханасында аймақтың дін қызметкерлері мен тұрғындарының қатысуымен діни оңалту жұмыстарына қатысты жиын болып өтті. Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасы бойынша өткен жиынға облыстық «Әнет баба» мешітінің  наиб имамы Қоныскерей Құмар және «Діни Оңалту» жұмыстарының облыс бойынша жауапты өкілі әрі облыс наиб имамы Асылхан Нұртайұлы  қатысты. Сондай-ақ, Абай ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Әшкеев Қадыр Төлеуқадырұлы жиынға арнайы қатысып, аймақтың діни ахуалын ортаға салып, бірнеше мәселелерді талқылады. Жиынның мақсаты аймақтағы діни тұрақтылық пен ахуалын бір қалыпта тұрақтандырып, жергілікті тұрғындарға оң бағыттағы жолды көрсету. Осы орайда, жиынға қатысқан қонақтарға әртүрлі кеңестер мен дәрістер оқылып, қандай кітаптар мен ақпараттарды қолдану керек екендігі де айтылды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары