Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Has et» ет дүкеніне халал сертификаты табысталды
13 ақпан, 2021 жыл 575 Басып шығару нұсқасы

​Теміртау қаласының халқына өзінің өнімдерімен танымал «Has et» ет дүкені «Халал өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарты бойынша халал сертификатын алды.
 
Теміртау орталық мешітінің бас имамы Естай Айтуғанұлы дүкен басшылығына халал сертификатын табыстап, халал өнім өндіруге ниеттенгені үшін алғыс білдіре отырып:
 
«Халал сертификатына ие болу – шариғаттың жоғары талаптарын сақтай отырып, өндірістеріңізді жетілдіргендеріңізді білдіреді. Жаратушы Алла қадамдарыңызды қабыл алып, сауаптан жазсын. Алла кәсіптеріңізге береке берсін», деп айтты.
 
ҚМДБ-ға қарасты «Халал Даму» ЖШС-нің Қарағанды облысындағы өкілдері алдағы уақытта бұл өнімдердің халал стандарттарына сай қызмет етуін қадағалайтын болады.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары