Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Қайырымдылық жаршысы» атты қайырымдылық марафоны Теміртау орталық мешітінде өз жалғасын тапты.
15 қаңтар, 2021 жыл 350 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен республикалық «Тайқазан» жобасы аясында ҚМДБ «Қайырымдылық жаршысы» атты қайырымдылық марафоны Теміртау орталық мешітінде өз жалғасын тапты. Қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік аз қамтылған 30 отбасыға азық-түлік ретінде жәрдем көрсетілді.
 
Аталмыш іс-шараға Теміртау орталық мешітінің бас имамы Естай Айтуғанұлы мен жергілікті мешіт имамдары қатысып, әр мұқтаж отбасыға азық-түлік қоржындарын таратты.
 
«Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы аясында аталмыш қайырымдылық шаралары еліміздің әр түкпірінде жүзеге асып жатыр. Осы арада мұқтаж отбасылардың қажеттіліктеріне қарайласып, барынша қолдау білдірген ізгі жандарға алғыс білдіреміз! Алла сіздерге разы болсын!», деді бас имам Естай Айтуғанұлы.
 
Өз кезегінде, мұқтаж жандар мешіт тарапынан көрсетіліп жатқан көмекке риясыз алғыстарын білдірді.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары