Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Олжас Есенұлы» атындағы діни сауат ашу курсының бір жылдық жұмысы қорытындыланды (фото)
21 желтоқсан, 2020 жыл 597 Басып шығару нұсқасы

Ағымдағы жылдың аяқталуы қарсаңында ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің жанындағы «Олжас Есенұлы» атындағы діни сауат ашу курсының  бір жылдық қорытынды  кеші болып өтті. Жылдық есеп барысында шәкірттерді діни іліммен сусындатқан ғимараттың бір жылдық жұмыс барысы мен қызметі баяндалды. Шара ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты, Октябрь ауданы «Төлеутай ата»» мешітінің имамы әрі аталмыш сауат ашу мекемесінің директоры Мусин Сайлау Жұмағұлұлының ұйымдастыруымен жүзеге асты. Игі шараға облыс өкіл имамы Өмірзақ қажы Бекқожа арнайы қатысып, шәкірттерге өзінің ыстық лебізі мен батасын берді. Аталмыш мекеменің бір жылдық еңбегі ерен. Ағымдағы жылда діни ғимаратта  екі қари шыңдалып,атап айтқанда Еренұлы Ерасыл және Омарбеков Келдібек толық Құран жаттап, көптеген шәкірттердің білім  деңгейі жоғары көрсеткішке ие болды. Осы орайда облыс бас имамы қасиетті Құрани Кәрімді толық жаттап, үлкен жетістікке жеткен шәкірттерді марапаттап, жегірлендіру сыйлығын табыстады. Алдағы білім жолындағы ізденістеріне сәттілік тіледі. Рухани отырысқа шаһарымыздың қолы ашық, жаны жомарт демеушілері арнайы қонақ болып, шәкірттерге өзек жарды тілектерін жеткізді. Сондай-ақ, Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Абдрахманов Ысқақ Рахимбекұлы шараға қатысып, шәкірттерге уағыз-насихат айтты. Биылғы жылды берекелі де жемісті аяқтаған діни сауат ашу мекемесінің келер жылға жоспарлаған мақсат-мұраты да айқын. Берекелі шарада  мерекелік дастархан жайылып, ізгі тілек-лебіздер айтылды. Ендеше, «Білім-инемен құдық қазғандай»,-деп ата-бабамыз айтқандай, шәкірттердің ілім жолындағы ізденіс жолына сәттілік тіледік.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары