Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Нұра ауданы ауруханасына көмек көрсетті (фото)
01 қазан, 2020 жыл 401 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай 30 игі іс-шара аясында және «Біз біргеміз» қайырымдылық акциясы бойынша  ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті және «Зекет» қоры облыс бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасымен және аймағымыздың жомарт жандарының ат салысуымен Нұра ауданы  ауруханасына қайырымдылық көмек көрсетті.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) садақа жайында: «Мұсылманның садақасы ғұмырын ұзартады. Оны мезгілсіз өлімнен сақтайды. Күпірлік пен мақтаншақтықтан аластатады»,- деген.

Ел басына күн туған қиын кезеңде «жұмыла көтерген жүк жеңіл»- деп, облысымызда ауыр індетпен ауырып жатқан науқас жандарға көмек беру мақсатында аталмыш ауруханға 20 арнайы кислородтық жастық, 10 пульсоксиметр, 10 термометр, сондай-ақ, қажетті медециналық құрал- жабдықтар  жеткізді. Нұра ауданында өткен қайырымдылық шараға Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Хумар Қоныскерей және Қарағанды облысының «Зекет» қорының өкілі Джаримбетов Мұхит қатысып, берекелі істің жүзеге асуына ат салысты.

Қайырымдылық акциясын ұйымдастырған жандарға аурухана қызметкерлері шексыз алғыстарын жеткізді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары