Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағандыда «Абай оқулары» сайысы өтті (фото)
01 қазан, 2020 жыл 394 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты «Әйел қыздар» секторының ұйымдастыруымен Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінде  Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына орай  «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез»,-атты Абай шығармаларын жатқа оқудан отбасылық сайыс болып өтті.

Бұл сайыстың мақсаты: ұлы ақын, ойшыл, философ, әлемдік феномен Абай даналығына жастардың қызығушылығын ояту,  Абай даналығының сырын білуге, зерттеуге тарту. Ең басты мақсат– жеткіншектердің  ақын шығармаларын терең түсініп, жаттап, бойларынан өткізіп, жүректеріне ұялатуы. 

Рухани игі шараға қатысқан жеткіншектер мен ата-аналарға жігерлендіру сыйлықтары мен марапаттау қағаздары берілді.

   ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары