Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Сарыарқа - адалдық алаңы
23 қаңтар, 2020 жыл 548 Басып шығару нұсқасы

Өткен жылы Қазақстан Республикасының "Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс қимыл" агенттігінің жанынан Ақпараттық-ағартушылық штабы құрылған еді. Қоғам белсенділерінен құралған ақпараттық-насихаттау тобы халықпен жүздесіп, парасаттылық қағидаларын дамытумен айналысады. Штабқа қазақ қол өнерінің хас шебері, қоғам белсендісі Ырза Тұрсынзада ханым жетекшілік жасайды.

       Мұндай ақпараттық топ өңірлерде де өз жұмысын бастады. Қарағанды облыстық "Сыбайластық-жемқорлыққа қарсы іс қимыл" департаменті жанынан құрылған облыстық Ақпараттық-ағартушылық штаб алғашқы кездесулерін де өткізіп үлгерді. Облыстық штаб мүшелері – облыстық прокуратура қызметкерлерімен жүздесті, түсіндіру жұмыстары жүргізілді, тақырыпқа сай ашық әңгіме өрбіді. Кездесуге облыстық  штаб жетекшісі, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты, меценат Б.Алтынбеков, штаб мүшелері – Басқару академиясының аға оқытушысы А.Сүлейменова, Қарағанды Мемлекеттік Университетінің аға оқытушысы Р.Тоқатов, облыстық «Әнет баба» мешітінің найб имамы Н.Мұсабеков қатысты. Сонымен қатар, сала мамандары-облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл департаментінің төрағасының орынбасары А.Оразхан, Қарағанды облысының прокурорының орынбасары  М.Таутенов қатысып, бірқатар сұрақтарға жауап берді.

       Жасыратыны жоқ, көптеген адамдар өзінің құқығын білмеу кесірінен, сол заңды бұзуға дейін барып жатады. Параны алған адам да, берген адам да заң алдында тең дәрежеде жауап береді. Штаб жыл бойына бірнеше қала-аудандарда мемлекеттік қызметкерлер мен және халықпен кездесуді жоспарлап отыр.

 

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары