Қасиетті құрбан айт мерекесіне орай облыстық «Әнет баба» мешітінде ҚМДБ-ның Қарағанды қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен, барша мұсылманның ұлық мейрамы Құрбан айтқа байланысты дайындық жұмыстары туралы пресс-конференция болып өтті. Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің бас имамы Жұмабеков Қабылбек Әліпбайұлы мен Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлының төрағалығымен өткен конференция аясында Құрбан айт мерекесінің маңыздылығы мен шарттары айтылды. Сондай-ақ, имам құрбан айт мерекесі күндері өтетін барлық іс-шаралардың бағдарламасымен таныстырып, БАҚ өкілдері сұрақтарына жауап берді.
Пікірлер