ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруыменен бірлік күніне орай «Жетімсіз Қазақстан» атты әлеуметтік рухани шара ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты ата- ананың қамқорынсыз қалып, тағдырдың қиын тәлкегіне ұшыраған жас жеткіншектерге демеу болып, балалардың жүрегіне жылулық ұялатып, зор ықыласпен қамқорлық көрсету. Аталмыш рухани жобада аймағымызға қарасты барлық жетімдер үйінің тәрбиеленушілері қатысып, өз өнерлерімен бөлісті. Жоғары деңгейде өткен рухани шараға Қарағанды мешіттері демеушілік етіп, үлкен қолдау білдірді.Шара соңында «Мейірімділік-ММ» ҚҚ төрайымы А.Свилова ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Жастар ісі» секторының өкілі Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлына алғыс хат табыстап, ризашылығын білдірді.
Пікірлер