ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкілдігі және облыстық дін істері басқармасының бірлесе ұйымдастыруымен Қарағанды қаласы мешіттерінің жамағаттары арасында футболдан «Теңбіл доп» атты турнир болып өтті.
Жамағаттың бірлігін нығайту мақсатында жүзеге асырылған доп додасына облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы бастаған аймаққа қарасты мешіттер арасынан он команда жасақталып, өзара бақ сынасты.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп тұратын турнирдің мақсаты –мешіт жамағаттары арасында бірлік пен бауырмалдықты арттыру. Сондай-ақ, қоғамға және жамағат арасында салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау.
Жарыс қорытындысы бойынша:
І орын «Бұқар жырау» мешіті (150 000 тг);
ІІ орын «Қазыбек би» мешіті (100 000 тг);
ІІІ орын «Қамзе ата» мешіті (50 000 тг).
«Үздік қақпашы» номинациясы бойынша Қазыбек Әбілмажинұлы (20 000 тг);
«Үздік қорғаушы» номинациясы бойынша Сағи Санақбай» (20 000 тг)
«Үздік шабуылшы» номинациясы бойынша Бақыт Дауыржан (20 000тг)
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер