ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты мешіттерде барша мұсылман қауымның ұлық мерекелерінің бірі – Құрбан айт мейрамы аталып өтті.
Таңғы сағат 06:00-де айт намазы оқылып, ұлық мереке құлшылықпен бастау алды.
Мейрамда ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы "Әнет баба" мешітіне жиналған дүйім жамағатты құрбан айт мерекесімен құттықтады. Айт мерекесінің қадір-қасиетін ашықтап, мейрамды берекелі, сауапты өткізуге шақырды.
Жамағатқа айт құтпасы жеткізілді. Намаз соңында барша жамағат ел мен жердің амандығын тілесіп, дұға жасады.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер