Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды: «Имани жаз – 2024» жазғы сауат ашу дәрісі басталды
10 маусым, 2024 жыл 128 Басып шығару нұсқасы

  ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде  «Имани жаз-2024» атты жазғы сауат ашу  дәрісі  өз жұмысын бастады.  
Шараға «Діни оқу ағарту» бөлімінің  жауапты маманы әрі облыстық «Әнет баба» мешітінің  наиб имамы Дархан Асылтайұлы арнайы қатысып, балаларға «Білім алудың артықшылығы» тақырыбында насихат айтты.

Айта кетейік, жиырма күнге жалғасатын сауат ашу курсында қала бойынша 140 шәкірт діни сауат ашпақ.  Оқушыларға «Иман әліппесі», «Құранды тәжуидпен оқып үйрену», «Алланың 99 есімін жаттау», «Ислам әдептері», «Көркем мінезге тәрбиелеу», «Тазалыққа үйрету» және тағы басқа дәстүрге сай дәрістер жүргізілмек. Мектеп оқушыларына арналған діни сауат ашу курстарында білікті ұстаздар, медресе түлектері дәрістер өткізеді.

Дәріс аяқталған соң барлық шәкірттерге арнайы сертификаттар табысталмақ.

 

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары