ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы Әлихан Бөкейхан ауданы, Восток 3 ықшам ауданында салынып жатқан жаңа мешіттің құрылысымен танысты. Құрылыс мамандары мен кәсіпкерлер іргесі көтеріліп, құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын қалған құлшылық үйін жан-жақты аралатып, құрылыс жұмыстарының барысымен таныстырды.
Бой көтеріп жатқан құлшылық үйімен таныс болған Естай Айтуғанұлы мешітті жоспарланған уақытта аяқтау қажеттігін тапсырды. Сонымен қатар, құрылыс жұмысы барысында қауіпсіздік шараларына баса назар аудару қажеттігін жеткізді. Игі іске өзіндік бағасын берген облыс бас имамы мешіт құрылысына демеушілік еткен азаматтарға алғыс айтып, жұмыстарына береке тілеп, дұға жасады.
Екі қабатты мешіт1200-ден аса адамға арналған. Екі мұнаралы мешіттің ішінде ерлер мен әйел жамағатына арналған намазханалары, дәретханалары және мәйітхана қарастылылған.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер