Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағандыда «Қазіргі таңдағы хадис мәселелері» атты облыстық семинар өтті
03 маусым, 2024 жыл 35 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы өкілдігі және облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Әнет баба» мешітінде  діни оңалту жұмыстарына  қатысты «Қазіргі таңдағы хадис мәселелері» атты облыстық   екі күндік семинар болып өтті.

Облыс бас имамы Естай Айтуғанұлының мұрындық болуымен өтекен жиынға Қарағанды облысы дін істері басқармасының басшысы Сектай Жанболат Ахуанұлы  және діни жат ағымның алдын-алу бағатына жауапты қала, аудан имамдары мен мешіт ұстаздары қатысты.

Семинарды Алматы қаласынан арнайы шақыртуымен келген  "Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті" университетінің аға оқытушысы  Жамашев Азамат Шутбайұлы  жүргізіп, жат ағымдармен күрестің маңыздылығы жайында дәріс оқыды.

Сонымен қатар, ислам тарихынан, кері ағымдардың пайда болу оқиғаларынан құнды ойлар сабақтады. Дәстүрлі ханафи мәзһабының қазақ қоғамындағы мәдени және әлеуметтік саладағы атқаратын рөлі, діни экстремизмнің зиянды тұстары мен қазақ халқының ұлттық құндылықтары туралы ақпарат берді. Жат ағымның алдын- алу үшін атқарылатын шаралар мен оны жүзеге асырудың  бағыт-бағдары түсіндірді.

Айта кетейік, екі күнге созылған семинар соңында шараға қатысқан барлық дін қызметкерлеріне  арнайы сертификаттар табысталды.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары