Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Ел үлесі пәтерге»: 772- пәтер Абай ауданында табысталды
31 мамыр, 2024 жыл 38 Басып шығару нұсқасы

  «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында республика бойынша 772-пәтердің кілті Абай ауданында   табысталды.

Айтулы іс-шараға Қарағанды  облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы, аудан  имамы Асхат Қанайұлы, Абай ауданы әкімінің орынбасары Еркебұлан Серік,  «Зекет және қайырымдылық» қорының өңір бойынша жауапты маманы Асылхан Рахымжанұлы, ауданның ақ сақалдары мен  тұрғындары қатысты.
Жиын барысында облыс бас имамы  көп балалы жалғызбасты анаға өзінің ыстық лебізін білдіре келе,  2 бөлмелі пәтердің кілтін тарту етті.  Аудан имамы Асхат Қанайұлы арнайы сөз алып,  қайырымдылық жобасы аудан тұрғындары мен жанашырларының демеушілігімен жүзеге асқанын тілге тиек етті.
Мұндай игілікке разы болған тұрғындар имамдарға, демеушілерге алғысын айтып, шаңырақ иесінің қуанышын бірге бөлісті. 

 


ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз  қызметі⠀

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары