Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«QAMQOR-SHARAPAT» орталығының директоры Саран қаласына ат басын тіреді
29 мамыр, 2024 жыл 68 Басып шығару нұсқасы

    Қарағанды өңіріне қызметтік сапармен арнайы келген «QAMQOR-SHARAPAT» орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы облысқа қарасты Саран қалалық мешітіне ат басын бұрып, аймақтағы орталықтың қызмет барысынан хабар алды.

Шараға  облыс бас имамы  Әбдіғали Естай Айтуғанұлы және орталықтың өңір бойынша жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлы қатысты.

Аймақ имамы Нұржігіт Оразалыұлы қонақтарға орталықтың қызмет барысынан хабар беріп, толықтай таныстырды.  Жаназа және жерлеу рәсімдерін бір ізділікке түсіру мақсатында қызмет етіп жатқан салттық діни рәсімдер орындалатын ғимарат барлық талаптарға сай жабдықталған.

Айта кетейік,  Саран қаласының имамы Нұржігіт Оразалыұлы "Бизнестің жол картасы - 2025" Мемлекеттік бағдарламасы аясында "Жаңа бизнес-идеялары бар жас кәсіпкерлерді дамыту мен қолдауға берілетін байқауға" қатысып, Саран қаласы әкімінің 2 000 000 (екі млн.) теңге грантын ұтып алған. Аталған қаржыға ҚМДБ-ның «QAMQOR-SHARAPAT» Орталығы мен (бұдан әрі - Орталық), Қарағанды облыстық өкілдігімен ақылдаса отырып мәйітті уақытша сақтайтын заманауи 2 (екі) дана тоңазтқыш сатып алды.

 Шет елде арнайы жасалған бұл мүліктер Саран қаласына дейін Орталықтың көмегімен жеткізілді. Аталмыш тоңазытқыштарды арнайы табыстамаққа келген орталықтың директоры Мейрамбек Қабылбекұлы жаста болса бас болып жүрген қала имамының қызметіне сәттіліктер тіледі. Сонымен қатар,  өзекті мәселе болып табылатын жерлеу рәсімдерін бір ізділікке түсіру, жаназа, ас беру кезіндегі дәстүр, әдеттерді жүйелеу, мәйіт көмілген соң қабірге қойылатын құлпытастың шариғат шарттары бойынша қандай болу керектігіне тоқталып, егжей-тегжейлі баяндап түсіндірді.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары