Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«ЖАЛАҢТӨС БАТЫР» ЗИРАТЫНДА ЦИФРЛАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
28 мамыр, 2024 жыл 69 Басып шығару нұсқасы

  ҚМДБ «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының бастамасымен Қарағанды қаласындағы «Жалаңтөс батыр» зиратында цифрландыру жұмыстары жүргізілді.

Шараға «QAMQOR-SHARAPAT» орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы, «Sharapat Digital» ЖШС директоры Еркін Тойжанов, Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы, Қарағанды облыстық дін істері басқармасының басшысы Жанболат Ахуанұлы, «QAMQOR-SHARAPAT» орталығының  өңір бойынша жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлы және аймаққа қарасты дін қызметкерлері қатысты.

Зираттарды цифрландыру жұмысы барысында Мейрамбек Қабылбекұлы «QAMQOR SHARAPAT» мекемесінің қызметін цифрландыру бағытыныда атқарылып жатқан шаралар мен халыққа ыңғайлы жағдай жасау мақсатында қолға алынып жатқан жаңа жобаны түсіндіріп өтті. Солардың қатарында IT мамандарымен бірлесе отырып дайындалған «Жерлеу» атты қосымшасын таныстырды. Бұл қосымшада жергілікті елдімекендердің маңындағы зираттарды геолокациясы және марқұмның аты-жөні бойынша тізімге алынатын болады. Мұның бір артықшылығы келешектегі ұрпақтары немесе марқұмды зиярат етіп келуші туған-туыстары зираттың нақты қай жерде орналасқанын білмеген жағдайда аталмыш қосымшаға марқұмның аты-жөнін жазып іздесе, орналасқан жерін тура тауып көрсетіп беретін болады.

Дәл осы мақсатта, Қарағанды қаласының маңында орналасқан аталмыш жерлеу орнына барып, зираттарды «Жерлеу» қосымшасына енгізу жұмыстарын жүргізді.

Шара соңында «Дархан дала» жобасы аясында Жалаңтөс батырдың мазары зиярат етіліп, ата-бабалар рухына Құран бағышталып, дұға жасалды.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары