Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағандыда «QAIYRYMDYLYQ JARSHYLARY» республикалық қозғалысының өңірлік форумы өтті
27 мамыр, 2024 жыл 29 Басып шығару нұсқасы

  ҚМДБ-ның Қарағанды облысы өкілдігіне қарасты  «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «QAIYRYMDYLYQ JARSHYLARY»  республикалық қозғалысының өңірлік форумы өтті.

Форум жұмысына ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы, Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы, «Зекет және қайырымдылық» қорының облыс бойынша жауапты өкілі Асылхан Рахымжанұлы және еріктілер тобы қатысты.

Алқалы жиынды ашып сөз сөйлеген Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы : «Ерікті азаматтардың көп болуы қоғамдағы ізгіліктің кең қанат жайғандығын білдіреді. Қайырымдылық жасау, басқаға көмек көрсету ізгіліктің белгісі әрі рухани тәрбиенің ең жоғары өлшемі»,-  деді.

Одан кейін Астана қаласынан арнайы келген қор директоры Мақсатбек  Мақсотұлы арнайы сөз алып, игі істерге мұрындық болып жүрген еріктілерге  өзінің ыстық лебізін білдіріп, асыл дініміздің өркендеуі жолында қаржырлы қызмет көрсетіп жүрген қайырымдылық жаршыларына алғыс хат пен арнайы сыйлықтар тарту етті.

 Форумда «Зекет және қайырымдылық» қорының облыс бойынша жауапты өкілі Асылхан Рахымжанұлы  қор тарапынан атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, алға қойған мақсаттар мен ой-жоспарларын ортаға салды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары