Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды облысы өкілдігі «Өткенге құрмет – тіріге міндет» атты сенбілік жұмыстарын жүргізді
14 мамыр, 2024 жыл 44 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен, «QАМQOR-SНARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының қатысуымен «Жалаңтөс батыр» зиратында ««Өткенге құрмет – тіріге міндет» атты  тазалық жұмыстары жүргізілді.

ҚМДБ-ның тапсырмасына сәйкес, жер-жерлерде мешіт ұжымы мен жамағаттарының қатысуымен өтіп жатқан сенбілік жұмыстарына Қарағанды қалалық мешіттерінің дін қызметкерлері мен жамағаты белсене ат салысты. Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен өткен шара барысында «QАМQOR-SНARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының облыс бойынша жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлы  қатысушыларға сауапты істер, тазалық жұмыстары жөнінде насихатын жеткізіп, жыл сайын қолға алынып отырған сауапты іске ұйытқы болып,  тазалық  жұмысына жұмыла  атсалысқан барлық мұсылмандарға ризашылығын білдірді.

Сонымен қатар, бейіттегі марқұмдардың рухына арналып қасиетті Құран бағышталды.

ҚМДБ тарапынан қабылданған «Зират және зиярат ету мәдениеті» құжаттары кеңінен насихатталды.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары