Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Әл Машани» мешітінде медия орталық ашылды
11 мамыр, 2024 жыл 68 Басып шығару нұсқасы

  Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінде медия орталық ашылды. Жаңа медияның ашылуына ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы арнайы қатысты.

«Әл Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлының айтуынша, кешен қажетті техникамен толық жабдықталған. Сонымен қатар студия ішінде тікелей эфир ұйымдастыруға да мүмкіндік бар.
Жаңа студияның жұмысымен танысқан Бас имам өзінің ақжарма тілегін жеткізіп, қазіргі қоғамдағы ақпарат таратудың маңызына тоқталды.
«Қоғамның сұранысы, өміріміздің бір бөлшегіне айналған телевизия, онлайн хабар тарату ісінде жаңашылдыққа бет бұрып, осындай студия ашу – біздің төл телеарнамызға дем беріп, дінді таратудағы өнегелі іс. Жаңа студиядан жақсы хабарлар, сапалы уағыздар, мағыналы сұхбаттар жасалып шықсын. Істеріңізге береке тілеймін» деді Бас имам.

Айта кетейік, 30 шаршы метрді алып жатқан жаңа студияда уағыз-насихат, онлайн дәріс, Құран үйрену сабақтары және түрлі бейнероликтер дайындалады.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары