Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Облыс бас имамы «Әл Машани» мешітінде жұма намазын өткізді
10 мамыр, 2024 жыл 29 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлы Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің жамағатымен жүздесіп, жұма намазын өткізді. ⠀
 
«Перзенттің ата-ана алдындағы міндеттері» тақырыбында уағыз айтқан Бас имам: «Салиқалы ұрпақ ата-анасының тілеуін тілеп, жақсылық жасайды, ал егер дүниеден өткен болса, оларға Алладан рақым сұрап, дұға жасайды. Қадірменді жамағат!
Халқымыз: «Аймалайтын анаң қымбат, асқар тауың әкең қымбат», – дейді. Ендеше, өмірдегі әрбіріміз үшін қымбат деп танылған ата-анамыздың алдындағы міндеттерімізді ең кемел дәрежеде орындап, олардың разылығын, ақ-батасын алуға тырысайық!»,-деді.
 
Бас имам жұма намазынан кейін мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады. ⠀

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз  қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары