Қарқаралы аудандық "Құнанбай қажы" мешітінің имамы Митератбек Орынбекұлы бақылау-басқару жұмыстары бойынша Егінлібұлақ ауылына барған қызметтік сапары барысында ауыл әкімі Толекеев Бейбіт Айтмағанбетұлымен жүздесті. Кездесуге Егіндібұлақ ауылының имамы Ғаббас Рүстем Мұқанұлы да қатысты.
Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының ыстық сәлемін жеткізген аудан имамы ең алдымен жергілікті діни ахуалды басқосудың негізгі өзегі етті.
Ауыл басшысы аймақтың діни қал-ахуалы өзекті мәселелер қатарында екенін айтты. Сол себепті ортақ жобалар аясында бірлесіп жұмыс істеуге ниет білдірді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер