Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Облыс бас имамы соғыс ардагеріне құрмет көрсетті
09 мамыр, 2024 жыл 88 Басып шығару нұсқасы

  ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы Ұлы Отан соғысының ардагер ақсақалы Сұңғат Смағұлұлын зиярат етіп, Жеңіс мерекесімен құттықтап қайтты.
Асылдың сынығындай болған ардагер қарияның шаңырағына арнайы ат басын бұрып,  облыстық «Әнет баба» мешіті атынан ізгі ниетпен ілтипат-сыйлықтарын тарту етті.
«Ислам мен бейбітшілік екеуі – егіз ұғым. Ел тыныштығын, дін татулығын қолдаймыз қашанда. Үлкенді сыйлау, құрметтеу дін мен дәстүріміздің біте қайнасқан тұсы. Сондықтанда, өздеріңіздей көнекөз қарттарымыздың саулығын тілейміз!», – деді имам Естай Айтуғанұлы.
Келелі кездесуде жүз жасты алқымдаған ардагер қария Сәттіғулов Сұңғат Смағұлұлы отты жылдардың салмағын еске алып,  елдің сол кездегі ынтымақ-бірлігі мен қайрат-қажыры жайында сыр шертті. 
Одан кейін  бейбіт күніміздің бұзылмауын, еліміз бен жеріміздің, дін аралық татулықтың бүлінбеуін тіледі. 
Облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы да ақсақалға ізгі тілегін білдіріп, ғибратқа толы ғұмырының ұзақ болуына дұға жасады.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары